Колледж бухгалтері 243 млн жымқырған

1 464

Фото: istockphoto.comМаңғыстау техникалық колледжінің бухгалтері  243 млн теңге жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл жайт облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізген кезде анықталған. 

Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.

Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.