Қартайған ата-анасын қарттар үйіне тапсырғандар жазаланбақ

2 261

Қырғызстанның Жогорку Кенешінің комитеті қария әке-шешесін асыраудан бас тартқан балаларға жазаны қатаңдату жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.


Құжаттың бастамашысы – депутат Тазабек Икрамов.


Оның сөзінше, заң жобасы еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж ата-анасын асыраудан бас тартқан еңбекке қабілетті, кәмелет жасына толған балаларға жазаны қатаңдату және мемлекеттік қызметтен шектеу мақсатында әзірленді.


Депутат атап өткендей, қазіргі заң балаларына жеткіліксіз көңіл бөлген ата-ананы жауапқа тартуға ғана мүмкіндік береді.


«Ал ата-анасын тастап кеткендерді жауапқа тарту үшін сот шешімі қажет», - деп толықтырды ол.


Ата-анасына қамқор болудан (алимент төлеуден) бас тартқан балаларға айыппұл салу немесе 1-2 жылға бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр.


Заң жобасы жекелеген заң актілеріне – Қылмыстық кодекске, Отбасы кодексіне, «Мемлекеттік азаматтық қызмет және муниципалды қызмет туралы» заңға өзгерістер енгізуді қажет етеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.