15 жастағы бала адам өліміне себепші болды

1 525

Фото: ©видеодан скриншотПатрульдеу кезінде полиция қызметкерлерінің жол ережесін бұзған «Audi» көлігін тоқтатқаны анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарттық агенттігі madeniportal.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, қашуға әрекет жасаған.

Қуғын кезінде жүргізуші көлікті басқара алмай, электр желісінің бетон бағанасына соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Көлік тоқтатылғаннан кейін рөлде жүргізуші куәлігі жоқ 15 жастағы жасөспірім отырғаны анықталған. Жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді,- деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жасөспірімнің көлік тізгініне қалай отырғаны да тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс аясында көлікті жүргізу құқығы жоқ адамға берген көлік иесінің әрекетіне құқықтық баға берілмек. Жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу және бақылау міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.