Кәмелетке толмаған 49 бала есірткі қылмысын жасаған

1 353

Фото: Артём ЧурсиновІшкі істер вице-министр Санжар Әділов ескірті қылмысы бойынша жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер туралы айтты, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Қазіргі таңда есірткі қылмысын жасағаны үшін 49 жасөспірім ұсталды. ҚАЖ мекемелерінде 9 жасөспірім отыр. Олар сотталғанға дейін есепте болмаған. Қылмысты ақша табу мақсатында жасаған. Алматыда мұндай жасөспірімдерге арналған жалғыз колония бар. Түрмеге түскен күннен бастап олармен профилактикалық шаралар жүргіземіз. Оған дәрістер, түсіндірме жұмыстары кіреді", - деді Санжар Әділов депутаттың сауалына берген жауабында.

Вице-министрдің сөзінше, колонияларда наркологтар, психиатрлар және үкіметтік емес ұйымдар жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстар жүргізеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.