Қызды зорлаушылардың қолынан бейтаныс жүргізуші аман алып қалды (ВИДЕО)
376
Алматы полициясы 29 шілдеге қараған түні жеке секторда орын алған зорлау әрекетін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Адырна ұлттық порталына сілтеме жасап.

"Алматы қаласының Полиция департаменті 2000 жылы туған азаматша Б.-ны зорлауға оқталу фактісі бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды. Жәбірленуші ішімдік ішіп алып тиісуге тырысқан өзінің таныстарының бірі деп күдіктеніп отырғанын айтты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.