ЖЕМҚОРЛЫҚ СЫЛЫП ТАСТАЙТЫН СЫРТҚЫ ЖАРА ЕМЕС

538
Елбасымыз «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады»,  деп атап көрсеткен болатын. 

Осы орайда, еліміздің бүгінгі күні күрделі мәселесі болған  сыбайлас жемқорлықтың жыры бітер емес. Әлеуметтік қасіреттің кейпін киген сыбайлас жемқорлықтың саяси даму тұрғысынан да алаңдататыны  анық. Десекте, жемқорлықты пара беріп сатып алу,  лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталатындығы тағы бар. Расында, жемқорлықтың орын алар жері билік пен жоғары  шенді қызметін аса пайдаланушылар екендігі де шүбә келтірмесі анық. Біздің қоғам бұл кеселді мемлекетіміздің экономикалық дамуына, ең бастысы елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс деп білеміз.  

Бір өкініштісі, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес. Сыбайластық – біздің заманмен бірге өсіп-өркендеп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кесел. Осы орайда, Елбасымыздың орамды ойлары еске оралады, Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екендігін де тасқа таңба басқандай атап көрсетті емес пе? Қоғам  дертіне осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтындығы да хақ. 

Жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігін де ескерген жөн. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі. Шындығында, сыбайлас жемқорлық мемлекетімізді іштей жоюдың бастамасы және де жетістіктерді жоққа шығаратындығына да күмән тудырмайтындығы анық.  Басқа дамушы елдер сияқты, біздің де жас мемлекетімізді жегі құрттай іштен жеген бұл кесел айналып өтпеді. Індетпен күресу үшін, ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайластыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни,  пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай тудыратындығын түсінікті етіп жеткізе білу керек секілді. Қара халық арасында парақорлық пен жемқорлыққа жол жоқ! Десек те,  парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көресетіп беретіндігі тағы бар. Халық арасында жұлын құрт, індет аталып кеткен осы дертті жою толықтай жүзеге аспағанымен, оны ауыздықтаудың немесе тежеудің сәті кейде түсіп, кейде шарасыздықтың белең алатыны да жасырын емес. Тұтылғандарды   біздің қоғам  бірін біліп, бірін білмей отырғандығымыз тағы бар. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылатындығы хақ. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келетіндігін де ескерген жөн. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет деп білеміз. Десек те, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болатындығын ескерген жөн. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. «Ауруын жасырған аңдамай өледі», демекші індетпен күресе білу керек!  «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние– байлық неге керек, денсаулығың болмаса,Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз құзырлы  қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз. Себебі халық санасында парақорлық пен жемқорлық жоғары шенді қызметкерлердің атымен қатар жүретін ұғым деп біледі.  Осы орайда, халықтың  қате, пікірі екендігін баса айтып, тиісті шараларды бұлжытпай орындап, тек айыппұл мен ғана тұтылдырмай барлық жиған терген мүліктерін тәркілеп, мемлекет тарапына қайтарылып, сот үкімі бас бостандығынан айыруына дейін үкім шығарылса, халық көзі жетер ме еді? Бәлкім келесі бірі пара алар кезінде ойланар ма еді? Кім білсін? «Тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын» деген Абай айтамыз бүгінгі жәйтті біліп айтқан секілді.  Десек  те, бүгінгі қоғам дертімен күресу барша қазақстандықтың міндеті. Жемқорлық пен парақорлық емі жоқ дертке айналмаса игі еді.


редактор,
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ