Қызылорда облысында гендерлік саясаттың жүзеге асырылу ерекшеліктері

239

Гендерлік саясаттың даму тарихының шығуы XIX ғасырда бастау алған, - деп "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Батыс Еуропа жəне АҚШ елдерінде екі жыныстылардың теңдігі туралы феминистік қозғалыс пайда болды. Бұның негізгі бағыты - əйелдердің сайлау құқығы туралы күрес болды.  XX  ғ. 60-шы  жылдары  жаңа  гендер  ұғымы  пайда  болды.  Ғылымда  осы  кезде «гендер» ұғымына анықтама беріле бастады. Онда биологиялық жынысы негізінде қоғамда қалыптасқан əйел мен еркектің əлеуметтік рөліндегі ерекшелігі ретінде қарастырған. Гендерлік ерекшеліктің негізі мынада жатыр: ерлердің бастауы - үстемдік ету, ал əйелдер – бағынушы. Барлық мəселе осыдан шығады. Бірақ гендер - биологиялық жыныстық ерекшеліктеріне қарағанда өте күрделі құрылым. Жыныстық биология, гендерлік ұқсастық, гендерлік идеалдар жыныстық ұқсастықтың бірнеше бөлігінің компонентінен тұрады Гендер екі жыныстылардың, яғни өз кезегінде бір жыныстың екінші жынысқа жататындығына байланысты белгілі бір əлеуметтік рөлдерінің орындауындағы айырмашылықтары физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктерінің анықтамасын сипаттайды. Əйелдер мен ерлер гендерлік аспектде, яғни белгілі бір мəртебесі, мүддесі, қажеттілігі жəне жүріс-тұрыстың əлеуметтік стратегиясын иеленетінін əлеуметтік индивид ретінде қарастырылады.

Гендер (ағылш. gender) - қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық - бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.


Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне мыналар жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуіелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер.


Қазіргі таңда гендерлік саясатқа біздің мемлекетімізде аса көңіл аударылуда. Осыған орай отбасылық саясат саласында қандай жетістіктер болды және көкейкесті мәселелер барма, соған тоқталып өтейік.


 Гендерлік стратегияны іске асырылған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.


 Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы (балалары) бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да пайда болды.


 Осыған орай, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.


 2008 жылы жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға сондай-ақ бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдер төлеу енгізілген.


 Балалардың отбасында тәрбиеленуіне жәрдем көрсету, бала асырап алушылар мен тәрбиелеушілерді материалдық ынталандыру мақсатында жетім балаларды асырап алушы азаматтарға біржолғы төлемдер, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырау үшін қорғаншыларға немесе қамқоршыларға арналған жәрдемақы, патронаттық тәрбиелеушілерге төлемдер беріледі.


 Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасында белгілі бір прогреске қол жеткізілді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.


 Отбасы күні белгіленіп, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы өткізіледі, отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық жоспар бекітілді.


 Шет мемлекеттердің дамуына жүргізілген талдау әлемде отбасылық және гендерлік саясат саласында бірыңғай әмбебап модельдің жоқ екенін көрсетті. Әрбір ел қалыптасқан мемлекеттік басқару, ұлттық ерекшеліктер мен мәдениет жүйесін ескере отырып, өзінің отбасылық және гендерлік саясатын қалыптастырады.


 Мысалы дамыған елдерде отбасын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетін отбасылық саясаттың үш моделі бөліп көрсетіледі, олар: либералды, консервативтік және әлеуметтік-демократиялық.


 Әлеуметтік саясаттың либералды моделі Ұлыбританияға, Ирландияға, Швейцарияға, Жаңа Зеландияға, Канадаға, Аустралияға және АҚШ-қа тән. Бұл елдерде отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыруда мемлекетке қосалқы рөл бөлінген, көмек мұқтаж отбасыларға ғана көрсетіледі. Азаматтарды әлеуметтік қолдау дамыған сақтандыру жүйелері есебінен жүзеге асырылады және мемлекеттің араласуы өте төмен. Материалдық көмек атаулы бағытқа ие және мұқтаждығын тексеру негізінде ғана ұсынылады.


Ұлыбританияда жалғызбасты ата-аналарға материалдық көмек бала 16 жасқа толғанға дейін көрсетіледі, олар: балаларға арналған жәрдемақы, денсаулық сақтаудың тегін қызметтері, тұрғын үй алуға басым құқық. Аустралияда жалғызбасты ата-аналар, оның ішінде әкелер де мемлекеттік көмек алады, бұл ретте жәрдемақының мөлшері олардың жалақысына байланысты болады. Ерекше санаттағы зейнетақыларды кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар жесірлер және 50 жасқа толған адамдар алады.


 Ұлыбританияда әрбір балаға туғаннан кейін толықтай төленетін 26 апта, одан кейін 6 аптаға 90% төлеммен және 20 аптаға - белгіленген мөлшерлемемен демалыс беріледі. Канадада жүктілігіне және босануына байланысты демалыс 35 аптаны құрайды, ол ата-аналар арасында бөлінеді. Канадада демалысқа ақы төлеуді әлеуметтік сақтандыру жүйесі жүзеге асырады.


 АҚШ-та балаларға қатысты зорлық-зомбылық заңмен реттеледі, оған сәйкес зорлық-зомбылық жасаған ерлі-зайыптылардың біреуінің үйге келуіне әрі күйеуімен/әйелімен және балаларымен кез келген байланысқа екі аптаға дейін тыйым салынады. АҚШ-тың көптеген штаттарында, мысалы өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында балаларға қорлық көрсету күдігі туындаған әрбір жағдай туралы билікке хабарлауға азаматтарды міндеттейтін заңнама қабылданған. Кез келген адам өз бастамасымен отбасындағы балаға зорлық-зомбылық жасау фактісі орын алған немесе күдік туындаған жағдай туралы балаларды қорғаумен айналысатын әлеуметтік қызметке немесе полицияға хабарлай алады. Мұндай хабарламалар қайырымды іс қана емес, бұл қарапайым қажеттілік болып саналады. Дәрігерлерге, педагогтерге, жаттықтырушыларға, тәрбиешілерге келетін болсақ, бұл олардың тікелей міндеті. Хабарламаларды оқиға болғаннан кейін 24 сағат ішінде телефонмен хабарлауға, поштамен жіберуге, тиісті мекемелерге тікелей барып ресімдеуге болады.


 Отбасылық саясаттың консервативтік моделі шеңберінде үш тәсіл іске асырылады. «Белсенді» қолдау Бельгия мен Францияға тән (бір мезгілде бала күтімі бойынша, ұзақ мерзімді ақылы демалыстар және әр түрлі жастағы балаларға арналған қомақты ақшалай жәрдемақылар сияқты дамыған секторлар үйлесім тапқан). «Лимиттелген қолдау» тәсілі Германия мен Аустрияда кең таралған (жәрдемақылардың аз теңдестірілген схемасы және балалар күтімі бойынша мектепке дейінгі мекемелер желісі). «Отбасылық» тәсіл Италияға, Испанияға және Португалияға тән (отбасын әлеуметтік қолдау көрсеткіштері аз, жәрдемақы көлемі шамалы, бала күтімі бойынша демалыс салыстырмалы түрде ұзақ, бірақ ақы аз төленеді).


 Францияда декреттік демалыс 16 аптаға (толық жалақымен) созылады, оның 6-уын бала туғанға дейін алады, ал әкелердің небәрі қатарынан 11 күн демалыс алуға мүмкіндігі бар. 3-баладан бастап декреттік демалыс әйелдерге 26 аптаға, ал ерлерге 18 аптаға созылады.


 Бельгияның заңнамасында бірінші айда жалақының 82%-ын жұмыс беруші төлейтін 15 апталық декреттік демалыс көзделген. Демалыстың қалған бөлігі бұрынғы жалақының 75%-ы деңгейінде өзара сақтандыру жүйесі бойынша төленеді. Бала күтімі бойынша демалыс бала туғаннан кейінгі келесі ай ішінде таңдауға тиіс 10 жұмыс күнін құрайды. Бала күтіміне арналған шығыстарға бала 12 жасқа толғанға дейін салық салынбайды. 2,5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалар үшін мектепке бару (жұмыс уақытында) тегін.


 Германияда ата-аналар бала туғаннан кейін бір жасқа дейінгі кезеңде алдыңғы жалақысының үштен екі бөлігін сақтайды, бұл ретте егер әкелер де бала күтімі бойынша демалыс алатын болса, онда қосымша 2 ай төленеді.


 Консервативтік модельді елдер полициямен, прокуратурамен, сотпен және дағдарыс орталықтарымен тығыз байланыс орнату арқылы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасын белсенді түрде жүргізеді.


 Отбасылық саясаттың әлеуметтік-демократиялық моделі немесе скандинавиялық моделі мемлекет тарапынан табысқа әмбебап кепілдік берілген және бала күтімі бойынша қызмет көрсету жүйесі жоғары дамыған Дания, Норвегия, Швеция, Исландия және Финляндия сияқты елдерге тән. Мемлекет шығындарының негізгі бөлігі әлеуметтік мақсаттағы қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.


 Ұлттық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік басқару құрылымдарында әйелдер, отбасы, балалар, гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі арнаулы уәкілетті органдар құрылған.


 Шетелдерде ата-аналарға мемлекеттік қолдау балалар кәмелеттік жасқа толғанға дейін көрсетіледі. Мәселен, Швецияда ата-аналар мемлекеттік жәрдемақыны бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін алады.


 Ата-аналар бала күтімі жөніндегі ақылы ата-ана демалысының 18 айын бөлуге құқылы, олардың жалақысын үкімет пен жұмыс беруші тең үлесте өтейді. Ата-аналарды көтермелеу үшін 18 айдың кем дегенде 3 айын екінші ата-ана, әдетте әкесі пайдалануға тиіс.


Көріп отырғанымыздай, гендерлік саясат әр елде әрқилы жүзеге асады. Гендерлік саясатты қолдау біздің еліміздеде бірінші орында. Гендерлік саясаттың жүзеге асыруын ілгерілету мақсатында біздің ойымызша әйел адамдарға заңмен қандайда бір жеңілдіктер қарастырылу керек. Мысалы, аяғы ауыр әйел адамдар мен 3 жасқа дейінгі балалары бар әйел адамдарға төрт күндік жұмыс күнін белгілеген дұрыс деп есептейміз. Сонымен қатар ай сайынғы алатын жалақының мөлшері де бес күндік жұмыс жасайтын қызметкерлердің жалақысымен тең дәрежеде болуы керек. Сәйкесінше осы мәселені еңбек заңнамасының нормасымен бекіту қажет. Осындай жағдайларда әйел адамдарға көмек көрсетілетін болса, еліміздің гендерлік саясаты да ілгерілей түседі деген ойдамыз.


Сонымен, гендерлік саясаттың маңызы - қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік, əйелдерге қатысты барлық түрлі дискриминацияны жою, оларды саяси əлеуметтендіру. Əлеуметтік дискриминация қоғамның барлық саласында кездеседі. Əсіресе, қоғамның саяси өмірінде ерекше айқын көрініс табады. Қазақстанда гендер саясатының белсенді дамуы, ҚР егемендік алғаннан кейін басталды деп есептеуге болады. Егер гендер саясатының шығу тегін салыстырып зерттесек, ол Қазақстанда 90-шы жылдарын  бастау алып, қазіргі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Бұның жағымды жетістіктерінің болғанын сенімді түрде атап көрсетеуге болады. Екі жыныстылар ішінде қайсысы аз қорғалады деген сұрақ туса, оған тек бір ғана жауап бар: ол- əйел адамдар. Оған келесі фактіні айтуға болады,: яғни əйелдерді қорғау үшін дүниежүзінде көптеген ұйымдар құрылған жəне құрылуда. Олар өз мақсаттарына жету үшін өте белсенді жұмыс жасап жатыр. Ал ер адамдарға келсек, олар саясат жəне барлық қоғам өмірінде əрқашанда биік орын алады. Бұның себебін мақала барысында əрі қарай жалғастырып көрсетеміз.


Мақаладағы негізгі мəселе төмендегі мақсатына сəйкес бөліп қарастырылады: əйелдердің саяси жəне экономикалық алға жылжуы; қоғамда, тұрмыстық өмірде əйелдерге зорлық көрсетуге қарсы күрес; əйелдердің денсаулығын жақсарту жəне т.б.


Өткен ғасырдың аяғында Қазақстанда əйелдер қоғамдық-саяси өмірде белсенді субъект болған жоқ.


Саясат əйелдерді нақты қажет етпеді, бұның себебі психологиялық ерекшелік болып табылады: əйелдер ерлерге қарағанда төмен бағаланады. Бұның негізінде əйелдермен қатар ерлердің төмен бағалануы жатыр. Қазір əйелдердің психологиялық қайта қалыптасуы анық байқалады. Қазіргі кезеңде əйелдердің əлеуметтік саяси бейімделуі өте тиімді болуы қажет. Бүгінгі таңда əйелдердің азаматтық белсенділігі байқалады, бұның негізгі көрсеткіші əйелдер қызмет ететін үкімет емес ұйымдар санының өсуі болып табылады. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары гендерлік саясаттың индикаторы деп айтуға болады. Тəуелсіздікті алумен Қазақстанда бұқаралық əйелдер ұйымының құрылу процесі қарқынды өсуде. Республикада 150 -ден аса əйелдер мəселесімен айналысатын əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары қызмет етеді. Əйелдер қозғалысы қалыптастырған бүгінгі таңда белгілі мынадай ұйымдар бар,  олар«Іскер əйелдер ассоциациясы», «Феминисткая лига», «Жалғыз басты аналардың Алматылық ассоциоциясы» жəне т.б.


Қазақстанда гендерлік қозғалыс дамуының маңызды бір кезеңі ҚР Президенті жанындағы отбасы жəне əйелдер ісі бойынша ұлттық комиссияның құрылуы болды.


Соңғы кездері əйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметтерінде маңызды өзгерістер болды. Бастапқы кезде барлық ұйымдар бала жəне əйелді əлеуметтік жағынан қорғау, көп балалы жəне жалғыз басты аналардың, мүгедек аналардың жəне т.б. құқықтарын қорғаумен қатар психологиялық жəне заңдық көмек көрсетеуді қамтамасыз етумен айналысса, ал қазіргі таңда олардың қызметі əйелдердің саяси белсенділігінің денгейін көтеруге, саяси процестегі сұрақтарды шешуде олардың теңқұқылы қатысуына, саяси қатынастарда əйелдердің теңқұқылы субъект болуына бағытталған. Бұрын саясатқа ер адамдарға қарағанда əйелдер саяси тəжірибелері аз денсаулық сақтау, білім салаларынан келетін болатын, бірақ соңғы кездерде жағдай өзгерді, қазір саясатта саяси тəжірибесі өте жоғары заңгер, бизнесмен əйелдер саны өсіп келеді.


Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары қозғалысы саясатқа күшті əсер етіп отыр. 1998 ж«Əйелдердің сайлау бастамасы» коалициясы пайда болды, 1999 ж «Əйелдердің сайлау блогы» өзінің қоғамдық саяси қызметін бастады. «Əйелдерді дискриминациялайтын заңдарды алып тастау туралы» Əйелдер конвенциясының 2-бабының талаптарына сəйкес ұлттық заңнамаға гендерлік сараптама жүргізілуде.


Қазақстан əйелдер құқығы бойынша БҰҰ-ның «Əйелдерді дискриминациялайтын барлық органдарды жою», «Əйелдердің саяси құқықтары туралы» конвенциясына, сонымен қатар 30-дан аса халықаралық келісімшарттар мен конвенцияларға қол қойып келісімшартқа отырды.


Қазақстандағы əйелдер саясатқа немқұрайлы деген ескі көзқараспен келісуге болмайды. Бізде саясатта белсенді əйелдер көп. Тек оларды қолдау керек. Парламент, мəслихат орындарына жету үшін əйелдерге сайлау технологиясын үйрету керек. ҚР Президенті жанындағы əйелдер жəне отбасы ісі бойынша ұлттық комиссия дəл осы жұмыспен айналысады. Əйелдерді алға тартып, имиджін жасап жəне оларға дауыс беру керек. Себебі елдегі тұрғындардың тең жартысын əйелдер құрайды.


Əйелдер отбасында əртүрлі қызмет атқарады, оны саясатпен байланыстыру өте қиын, бірақ мүмкіншілік бар.Олар отбасының бір мүшесі, үй шаруашылығында қызмет етеді, негізгі жұмысы бала күтімі болып табылады. Біз əйелдер үлкен ерік-жігердің, күштің, шыдамдылықтың иесі екендігін көре аламыз, ал енді саясатта айналысу олардың қолынан саясатпен айналысу келмейді деп айта алмаймыз.


Сонымен қатар зерттеулерге сүйенсек, лидер əйелдердің стилі ер адамдарға қарағанда өзгеше: əйелдер- сайлаушылардың мұқтаждықтарына сезімталдықпен қарайды, компромиске келуге бейім, саяси жұмыстарда мəселені шешуде демократияшыл. Ал лидер ер адамдардың стилі иерархиялығымен, технократиялығымен ерекшеленеді.


Əйелдердің экономикалық жағынан алға жылжуына көмектесу керек. Саясатқа экономикалық жағынан тəуелсіз əйел саясатпен нақты айналысып, əсер ете алады. Əйелдер мен ерлер экономикалық салада əртүрлі позицияны ұстайды. Əйелдер қызмет көрсету саласында көп кездеседі, мысалы, білім, ақпарат жəне құжатпен қамтамасыз ету, саудада, коммуналдық қызмет көрстеу жəне т.б..


Гендерлік саясат əйелдердің денсаулығын жақсартуды көздейді. Басты мақсаты – əйелдердің денсаулығын жақсарту, анемия ауруымен күресу, бала мен ананың өлімін азайту, рак аурулары үшін арнайы орталықтар ашу жəне т.б.


Əйелдерге зорлық көрсетуге қарсы күрес жөнінде біраз істер атқарылды. Егер 1998 жылға дейін бұл мəселемен тек ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар айналысатын болса, ал 2010 жылдан бастап бұл республикалық деңгейде қарастырылады. Бұған мысал – əйелдер ұйымдастырған екі республикалық конференциядағы ҚР Президентінің сөзі. Президент өз сөзінде əйелдерге зорлық көрсетушілік пен күресу жөнінде ашық айтты. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік органдармен бірге əйелдерге зорлық көрсетушілерге қарсы жұмыс істеп келе жатыр.


Тұрғындарға жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша зорлықты əйелдер əртүрлі түсінетін болған: олар өздеріне қатысты еңбек етуге, оқуға қысымшылық жасауды,   ұрысты,ұрып соғуды зорлық деп қабылдамайды. Өкінішке орай, біздің заңнама тек  ауыр жағдайларда ғана жаза қолданады.


Əйелдерге қарсы зорлық фактісі үлкен үрей туғызып отыр. ІІМ мəліметтері бойынша əйелдер көбінесе тонап кету, өлтіріп кету сияқты қылмыстарға тап болады. Осы əрекеттердің бəрі көшеде емес, өз үйлерінде болады.


Əйелдер отбасында да күш көрсетуге тап болады, бірақ олар қорғаныш іздеп, қорғануға талпынбайды. Бұл үйдегі жайсыз жағдайларды сыртқа шығармауға тырысудан пайда болады. Қазіргі таңда Қазақстандағы əйелдер өз құқықтары үшін күресте үлкен жетістіктерге жеткен. Біздің елдегі əйелдерді төмендету рейтингі төмен емес. Əйелдердің проблемалары өте көп.


Əйелдерді биліктен жəне меншіктен аластату болып мыналар табылады: күрделі əлеуметтік саяси жағдай;

ел өміріндегі экономикалық криминалогия; қоғамдағы əйелдер туралы ескі көзқарас; əйелдерді саяси процесте төмен бағалау;

заңшығарушы билік органдарына əйелдердің қатысуын қиындату; саяси өмірде əйелдер қозғалысының əлсіздігі.


Гендерлік сараптама жасау үшін жаңа заңдарды қабылдау үшін жұмыстар жүргізу керек. Біздер БҰҰ-ның халықаралық адам құқықтары жəне əйелдерді дискриминациялаудың барлық түрлерін жою туралы Конвенцияны басшылыққа алуымыз тиіс.


Гендерлік саясаттың енгізілуі, əйелдер мүддесін ескере отырып Қазақстандағы саяси процестерді тұрақтандыру, əйелдерді дискриминациялауды жоюға бағытталған заң қабылдау жəне өкілетті органдарда əйелдердің санын көбейту болашақта əлеуметтік саяси келеңсіздіктердің алдын алады.


Жыныстық дискриминациямен күрес- мемлекеттік гендерлік саясаттың ең маңызды алғы шарты. Қазіргі таңда Қазақстан – гендерлік институттың дамуы жөнінде жəне дискримина- цияны жою мəселесі бойынша бірден-бір алда келе жатқан мемлекет.