КӨЛІК ҚАҚҚАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛМЕГЕН БЕ?

5 106

Фото: Ашық дерек көзіЖүкті келіншек пен оның 2 жасар баласын көлік қақса да, аурухана қызметкерлері науқасты қайтарып жіберген, -  деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

 

Бүгінде әлем-желі жаңалықтың ордасы. Десек те, жақсылығымен қатар жағымсыз жаңалығы қатар жүреді. Тіпті халық өз наразылығын биліктің құлағына жеткізу үшін арнайылап жазба қалдырып жатады. Шешімін тапса құба-құп. 

Расымен қоғамда өзекті мәселелер жетерлік, бірақ шешімі шығып жөнге түскендері бірең сараң.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде, бұл бүгінгі күннің шындығы. Ем іздеп шетел жағалаған аналар мен балалар да жеткілікті. Мамандардың аздығы мен дәрі -дәрмектің жоқтығы бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесіне айналды. Халықтың шағымданар реті бар. Себебі жарымаған жалақысынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аузынан жырып береді.  Оған тиесілінше ем-дом қабылдап, жақсылығын айтып жатқан адамның қарасы аз. 

Мәселен, бүгін Көшербаев көшесінің бойында жүкті әйелді жеңіл автокөлік қағып кеткен. Ең сорақысы ауруханаға жеткізілген келіншек пен бесікарбадағы 3 жасар балақайға медициналық көмек қажет етілмейді деп үйіне қайтарылған. 

Бұл жөнінде жапа шеккен келіншектің жеңгесі әлеуметтік желіде жария етті. Медициналық алғашқы көмек тіпті, бақылауда ұстауды қажет деп санамаған. 

«Бүгін таңертең көшеде қызы мен анасын машина қаққан. Коляскадағы қызы бір жақта, шешесі бір жаққа ұшқан... Ауруханаға барса ештеңе сынбаған деп жүкті әйелді қайтарып жіберген...  Құсып жатыр тоқтамай... Белін көтере алмайды.  Осындай жағдайда қалай үндемей отырасың?  Міндетті түрде айқай шу шығару керек пе?  Наблюдение деген болмайды ма?  Қыздың беті көккөнбек, ісіп кеткен бір жағы... Бала түсу қауіпі бар деп, оп-оңай үйіне жіберген, біле тұра ...  Енді аурухана алмайды, емханадан дәрігер шақыртып үйде күтіп жатыр... Шұғыл қарап ем жүргізудің орнына...», -деп жазды Мөлдір Мұстафаева.


Автордың айтуынша, азанда аурухана сынық жоқ деп кері қайтарып жіберген. Медициналық алғашқы көмекті көрсетудің орнына шығарып салғанына наразылық танытуда. Жүктіліктің төртінші айына келген Ақмаралдың денесін ауырсыну, бас айналу секілді белгілеріне назар аудармаған дейді. Жаяу жүргіншілердің жолағында емес, автокөлік екінші көліктен қашпақ болып жүргіншілер жолағында арқасынан келісып қаққан дейді.  Медицина қызметкерлерінің салғырттық танытуының сыры неде? Жүкті әйел мен бүлдіршіннің дене жарақаттары жеңіл дәрежелі деп бағаланып, үйде қаралуға жолдауға жіберген дәрігердің асығыс шешімін қабылдауына не себеп? 


Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының сапалы медициналық көмек көрсету мақсатымыз дей тұра салғырттық танытқаны санаға сыйымсыз. Әлем-желіні шарпымай тиісті ем-дом қабылдау қиынға соққаны ма?


Аурухана әкімдігі жазбаға сәйкес нақты жауап беру үшін науқастын аты-жөнін нақты көрсетуді сұратудан басқа шара көрілмейтіндігіне анық көз жеткізгендей-ақ.