Қызылордада жасөспірім қызды бірнеше рет зорлаған

5 235

Фото: видеодан скриншотҚызылорда қаласында 15 жастағы қыз өзін зорлаған жігіттің қатаң жазаланғанын талап етеді. Колледж студенті 21 жастағы жігіт қорқытып, танысының үйінде бірнеше рет арам ойын іске асырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жасөспірім қыз жігітімен жазғы демалыста жұмыс істеп жүргенде танысқан. Содан бері дос болып араласып кейін таныстарының үйіне бірге қонаққа барған. Жасөспірім өзін алғаш рет сол жерде зорланғанын айтады. Арам ойын іске асырған соң жігіт қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытты деп отыр.

Бөлмеде есікті ішінен құлттап, менің аяқ-қолымды қысып ұстады. Сол жерде арам ойын жасады. Одан кейін мені үйіме апарып тастап, біреуге айтатын болсаң аямаймын деді. Мен қорыққанымнан ешкімге айталмадым,сол қорқынышпен жүре бердім, - дейді жәбірленуші қыз.

Бұл азғындық бірнеше мәрте қайталанды дейді жеткіншек. Ал анасы жағдайды басқа біреуден естіген, сол сәтте жігіт кешірім сұрап, қызына ғашық екенін және үйленгісі келетінін айтып алдына барған. Сөйтіп ол қызын сол жігітке тұрмысқа берген. Алайда сол ісіне әлі өкінетінін айтты.

“Түнде жататын кезімде “мама түнім ұйқысыз өтеді, қорқатын едім, теуіп тастайтын” дейді. Белінен де, жамбасынан да, ішінен де тепкен. Сол кезде үйінде тұратын бір бала бар екен. Соған “ұр мынаны” депті. Ол бала да шапалақпен ұрған екен. Соның бәрін ішіп істеп отыр мына бала. Одан кейін қолдарын, саусақтарын тілген”, – дейді қыздың анасы.

Полиция болған жағдайдан кейін жігітті қамауға алған.

“Кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр”, – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Қыздың анасы Эльмира Жүсіпбекова – жеті баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Қыздың өзі қазір колледжде бірінші курста оқиды. Көрген қорлығынан әбден қорқып қалған жәбірленушінің жүйкесі шаршаған дейді анасы. Сондықтан тергеу әділ жүріп, жігіттің қатаң жазаланғанын талап етіп отыр.