Қазақстандықтарға қарыздан құтылудың жаңа жолы пайда болды

1 540

Фото: ©Baq.kz / коллажыҚазақстанда қарыздарды есептен шығару тәртібін жеңілдету жоспарланып отыр, сонымен қатар “проактивті банкроттық” тетігі енгізілмек,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда кейбір азаматтар мерзімі өткен несиелерін табысы мен мүлкінің бар-жоғын тексермей-ақ есептен шығара алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеме жасады. 

Қазіргі уақытта қарызды есептен шығару үшін екі негізгі талап бар:

- табыс деңгейі ең төменгі жалақының екі есесінен аспауы тиіс;

- мүлкі болмауы қажет.

Егер мерзімі өткен қарыз 5 жылдан асса, бұл екі талап оған қолданылмайды. Ол еркін түрде өтініш беріп, табысы қанша екеніне және мүлкінің бар-жоғына қарамастан, берешегін есептен шығара алады, – деді Әбілқасымова.

 Қазақстанда “проактивті банкроттық” деп аталатын жаңа тетік енгізілуде. Жүйе бойынша мемлекеттік органдар банкроттық рәсіміне қатысуы мүмкін азаматтарды өздері анықтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі азаматтарға хабарлама жіберуді жоспарлап отыр.

Проактивті түрде банкроттық рәсімінен өтуді ұсынатын SMS-хабарламалар жолданады, өйткені бұл механизм бойынша өз бетінше жүгінетін азаматтар көп емес, – деді агенттік басшысы.

Бұл шара проблемалық қарыз деңгейін төмендетуге және банкроттық рәсіміне қатысатын азаматтар санын арттыруға мүмкіндік бермек.