17 жастағы жүргізушінің кесірінен 4 көлік соқтығысты

1 572

Фото: Zakon.kzАлматының Әл-Фараби даңғылында түнде жол апаты болып, 4 көлік соқтығысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.


Оқиға куәгерлері видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.


Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 наурызда кешкі сағат 21:00-де Бостандық ауданында болған.


"Жол апатында 4 көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, апат Toyota Camry көлігінің 17 жастағы жүргізушісінің кінәсінен болған. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске қабылданды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады ведомство.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.