Қазалы аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

1 356

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіАудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі, жол салу, жарық орнату, қызметтік үйді жекешелендіру сынды мәселелерді көтерді.

Келушілердің ұсыныс-пікірлері мен өтініш-сауалдары жауапты мамандар тарапынан жан-жақты қарастырылды. Әрбір мәселенің себеп-салдары жіті зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары айтылып, кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Сондай-ақ бірқатарының шешілу жолдары да көрсетілді.

Бүгінгі қабылдауда аудан әкімі тұрғын үй кезегі мәселесімен келген тұрғындарға, биыл ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 пәтерлі 74 үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріліп жатқандығын айтып, кезектілікке сәйкес баспанамен қамтылатындықтарын жеткізді.

Қабылдауда көтерілген мәселелердің әрбірі заңда белгіленген тәртіппен, кезең-кезеңімен шешіледі. Аудан басшысы осыған орай жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар да берді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.