Елімізде жаңа мемлекеттік нөмір пайда болды

457

Елорда төрінде ерекше мемлекеттік нөмір таққан автокөлік байқалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 


Редакцияға оқырман автокөліктің суретін жіберіп, мұндай мемлекеттік нөмірді бұрын-соңды көрмегенін айтып, бұл жайттың мән-жайын анықтауды сұраған.   


Бұл ақпаратты редакция тілшілеріне ҰҚК өкілдері растаған. 


"Иә, бұл ҰҚК Авиация қызметінің автокөліктеріне арналған арнайы жаңа мемлекеттік нөмір стандарты. Оны Ішкі істер министрлігі бекіткен. Мемлекеттік нөмірдегі AQ әріптері - "Авиация қызметі" дегенді білдіреді", - дейді ведомство өкілдері.


Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл мемлекеттік нөмірлерді ҰҚК органдары беретінін және олардың жеке базасында тіркелетінін растады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.