Төретам кентінің экс-әкімі аймақ басшысына үндеу жолдады

749

Қармақшы ауданы Төретам кентінің экс-әкімі Жамбыл Жұмабаев аймақ басшысына үндеу жолдады, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Жамбыл Жұмабаев 2019-2021жылдар аралығында Қармақшы ауданына қарасты  Төретам кенті әкімі қызметін атқарған. Сол аралықта Мемлекеттік қызметке кір келтірді деген айыппен жұмыстан босатылғандығын алға тартып, заңсыздыққа ұшырағандығын айтып өзінің әлеуметтік парақшасында үндеу жариялады:


Жеке парақшам арқылы өзіңіздің жеке назарыңызға болған жағдайды жеткізгім келеді деген экс-әкім

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың  қолдауымен ауылдық елді-мекендерге бағытталған «Ауыл -55», «Жұмыспен қамту » секілді бағдарламалар қолдау тауып,  мемлекет ұсынған бағдарламалардың бірімен «Кент ішілік автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін» менің үстімнен бірнеше рет тексеру жүргізілді.Жолға қатысты өзге де әріптестеріме ұсыныс енгізілген. Ал, Әдеп жөніндегі комиссияға ұсынылмады.  Байқоңыр қаласының прокуратурасы тарапынан менімен ғана шектеліп қалды.»,- дейді өз үндеуінде.


Осы орайда, әкімдік қызметтен 20-күн өткеннен кейін жаңа әкім тағайындалғаны да аталып өтті. Жалпы Төретам кенті әкімі қызметін адал атқардым деген көпбалалы әке облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлына 2 жыл уақыт бойына жүмыссыз екендігін жеткізді. 


Әділдікке қол жеткізу үшін экс-әкім күресетіндігін жасырмады. Ал желі қолдаушылары  экс-әкімнің атқарған жұмыстарын алға тартып, қолдау білдірушілер:


«Біздің билік осындай жұмыс істеген аяғыңнан шалады. Аққа Құдай жақ! Облыс әкімі дұрыс шешім шығарады деп сенеміз»

«Әділдік жолында жеңіске жетуге тілектеспіз»,- деген жазбалар қалдырған.