Жедел жәрдем жеткізген науқасты аурухана дәрігері зорламақ болған

511

Шымкентте №1 қалалық аурухананың дәрігері жедел жәрдеммен келген науқасты зорламақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі «Время» басылымына сілтеме жасап.


Аурухананың жедел жәрдем бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, сол түні кезекшілікте науқасты жедел жәрдем алып келген. Ол ішінің ауырып жатқанын айтып, шағымданған. Дәрігерлердің бірі оны тексеру үшін тыныштық бөлмесіне алып барған.


Ол жерде нақты не болғанын тергеу мен қылмыстық іс аясында тағайындалған сот-медициналық сараптамасының қорытындысы көрсетеді. Алайда мұндай «тексеруден» кейін қыз айғайлап, кабинеттен қашып шыққан.


Аталған дерек Тұран аудандық полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 1-бөлігі («Зорлауға оқталу») бойынша тіркелді.

Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды, – деп мәлімдеді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.