Қызылордада 500-ші салтанатты рәсім өтті
Бес жүзінші салтанатты рәсім Қызылорда қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу ғимаратында өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы хабарлайды.
Салтанатты рәсімдерді өткізу тәжірибесі өңірде осы жылдын 1 маусымында енгізілді. Осы уақыт ішінде мұнда отбасылық өмірдің мерейтойларын, туу туралы куәліктерді тапсыру және зейнеткерлерді лайықты демалысқа шығуымен құттықтау сияқты көптеген маңызды іс-шаралар өтті. Мерейтойлық 500-ші рәсім Асылжан мен Жаннаның некесін салтанатты түрде тіркеу болды.
Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеуге өтінішті АХАТ басқармасында немесе электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Өтінімді қарау мерзімі - 15 жұмыс күні.
Айта кетейік, барлық салтанатты рәсімдер Қызылорда қаласы С.Бейбарыс көшесі, 1А мекенжайы бойынша өтуде.