Кафеден біреудің тамағын алып кеткен азамат 6 жылға сотталды

1 514

Фото: Opennews.kz ЖИАқтау қалалық соты Е. есімді азаматты бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 4 шілдеге қараған түні ер адам Ақтаудың 12-шағынауданындағы дәмханада ішімдік ішкен. Ол жәбірленуші А.-ның үстелінен рұқсатсыз тіскебасар алып, спирттік ішімдікті төгіп, мекемеден шығып кеткен. А. оның мұндай әрекетінің себебін анықтау үшін сыртқа шыққанда, Е. асүй пышағымен оның шап тұсынан ұрған.

Мемлекеттік айыптаушы Е.-ні алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, кешірім сұрады және өзін бас бостандығынан айырмауды өтінді. Жәбірленуші шабуыл жасаған адамды кешіргенін, оған ешқандай талабы жоқ екенін айтып, соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Сот Е.-нің асырауында кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерді. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігінің 7-тармағына сәйкес, Е.-ге орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде жазасын өтеу шартымен алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталған баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен немесе онсыз алты жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.