Облыстық тексеру комиссиясының мүшесі 2,5 млн теңге пара алған
1 856
Солтүстік Қазақстанда пара алған облыстық тексеру комиссиясының мүшесіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.
Антикордың айтуынша, 2021 жылдан бастап тексеруші үнемі пара алған. Тек ақшалай емес, бензинмен де алыпты.
Аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бірін тексеру кезінде ол бірқатар кемшіліктерді анықтады. Бірақ 2,5 млн теңге үшін оларға көз жұмып, есепте көрсетпеуге келісті. Ал аудит кезінде облыстық әлеуметтік қорғау басқармасында ведомство басшысымен мәмілеге келді. 300 литр бензин үшін тексеруші мұнда да бұзушылықтарды жасырып қалды. Бұл үшін пара беруші де, алушы да жазаланады.
СҚО әкімдігінің әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Қошмановқа біреудің сеніп тапсырылған мүлкін ысырап еткені үшін, сондай-ақ ,пара бергені үшін 30 еселенген сома мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл – шамамен 2 млн.теңге.

Кенжебаев мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылып, сотталды. Пара құны болған 2,5 млн теңге мемлекет кірісіне тәркіленді. Пара беруші де дәл сондай жаза арқалады, – деді СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.