Қызылордалық кәсіпкерлер саябақ жағалап сыймай жүр

1 808
Қызылордада  «Тұңғыш Президент паркі»  бүгінгі күні сауда-саттық мекеніне айналып отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 

Бүгінде қаламыздың шет аймағында орналасқан «Тұңғыш Президент  саябағы» қала тұрғындары үшін кешкілік уақыт серуенге шығатын демалыс орны.  Алайда, қала тұрғындарының басым көпшілігі саябақтың қазіргі сыйқы мен тыныштығы бұзылғандығын айтып наразылық танытуда. Оған себеп,   «Орталық Алаң»-дағы кәсіпкерлердің велосипед пен самокат, мопед секілді  көптеген   жылжымалы көлік құралдарының көптігі болып отыр. 
Естеріңізге  сала кетсек, біздің
«Қызылордалық кәсіпкер: әкімдік айтқан жерге барып, айыпты болдық» атты мақаламызда аталмыш кәсіп иелерінің жергілікті әкімдік тапсырмасы бойынша «Орталық Алаң» босатылып, «Президент саябағы» кәсіпкерлерге ұсынылған болатын.  

«Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлім» басшысы Бағлан Бақытжанұлы орталық алаңдағы кәсіпкерлерге алаңды босатып, «Тәуелсіздік» даңғылы,  «Сыр Ана» монументі, «Қорқыт Ата» автотұрағы, «Тұңғыш Президент» паркі,   «Қалалық парк», «Сол жақ жағалауы» секілді, көпшілік серуендейтін орындарға рұқсат берген еді.

 
Алайда, «Орталық Алаңды» кәсіпкерлерден босатуға асыққан жергілікті билік саябақтың тыныштығын бұзып отыр дейді қала тұрғындары.


«Кәсіпкерлерді қайтадан баяғы орындарына жіберсін. Отбасымызбен тыныш серуендеуге мұрша жоқ. Айналамыздың бәрі велосипед, шарлар мен мақталарға толып кеткен. Адам көбейген сайын, саябақ тазалығыда бұзылды.», - дейді қала тұрғыны Мира.

Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі Kritika.kyzylorda  парақшасында орталық алаңның саудагерлеріне түрлі арыз-шағымдар түсіп жатқандарын байқауға болады. 


«Президент саябағы тынығатын орын еді. Кешқұрым отбасымызбен демалып, бой сергітіп келетін едік. Ал қазір барлық кәсіп иелері сонда ағылған майда бала-шаға аяқ астында қалып жатыр. Себебі жарықпен толық қамтылмаған. Әжетхананы айтуға тіпті ұят енді.», - дейді Жазира Адайқызы.

Саябаққа келушілердің басым көпшілігі көгалдандыру жұмыстарының салғырттығын да өзекті мәселенің бірі деп атап өтті. Тұрғындардын айтуынша, қаламызда жалғыз көгалдандыру жұмыстары жүрген, оны күтіп ұстауда қаншама еңбек далаға кетті, жүгенсіз велосипед айдағандар көгалдың үстінен ерсілі-қарсылы жүріп жатырғандығын жеткізді. 


«Кезінде тыныш демалатын демалыс орнымыз еді. Қазір айналаң толған қоқыс, ойын автоматтарының дауысы мазаңды қашырады.  Қаладағы  талы  көп жердің бірі еді. Енді ол да күтімсіз қалуда. Одан қалды авария көптеп болып кетті. Осы мәселені қалалық әкімшілік дұрыстап шешіп берсе екен. - дейді қала тұрғыны Досбол.
 
 Шындығында, «Тұңғыш Президент паркі»  саябағы екі көше қиылысында, оның үстіне  тар көшенің бойында орналасқандығын ескерсек. Саябақтың алдында көлікпен келушілердің саны артып,  екі күннің бірі жол көлік  оқиғаларына әкеп соқтыруда. Десек те, қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Жақсымұратұлы жеке кәсіпкерлердің мен кездесуінде, яғни «Орталық Алаңда» кәсіп иелерін қалдыруын сұрап әкімдік есігін жағалағанда берген жауабы:


«Орталық Алаң»  кәсіпкерлердің орны емес, ол заң талаптарына қайшы,  қала тұрғындары тарапынан наразылық түсуде. Сондықтан кәсіпкерлер «Президент саябағына көшірілуі тиіс», басқа шешім жоқ», - деп кесіп айтқан  болатын.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымованың кәсіпкерлерді «Президент саябағына» барған кәсіпкерлерге заң қызметкерлері тарапынан айыппұл мен ескерту қағаздары да берілген болатын. 
Ал, кәсіп иелері әкімдіктің бұл әрекеті үшін наразылық білдіріп, облыс әкімдігі қабылдауын күтіп жүр.
 


АЙБАР