Қарағандыда ер адамның сүйегі табылды
343
Қарағандыда із-түзсіз жоғалғандар қатарындағы азаматтың сүйегі табылды. Оның тұлғасы әлі анықталған жоқ деп хабарлайды zakon.kz.
"Адамның сүйегі табылды. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесінде марқұмның кім екенін белгілі болмақ. Сүйектің жанында із-түзсіз жоғалғандар қатарындағы ер адамның құжаттары болды", - деп хабарлаған Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі "Патриот" Telegram парақшасына.
Сонымен қатар, сараптамадан кейін марқұмның өлімі нақты неден болғанын да анықталмақ. Егер мамандар кісі өлтірудің ізін байқаса, іздестіру ісі "Кісі өлтіру" бабына ауыстырылады.
Басылымның жазуынша, марқұмның жанынан табылған құжаттар 27 жастағы Қасымхан Жұмашевқа тиесілі. Ол полицияда із-түссіз жоғалғандар тізімінде.
Қасымхан Жұмашев 26 тамыз күні жоғалып кеткен. Туыстарына досының үйінде болатынын айтқан. Алайда, ол жолдасының үйіне бармаған. Телефоны сол күннен бастап өшірулі тұрған. Қасымхан кинотеатрлардың бірінде бармен болып жұмыс істеген.
Осыған дейін Атырауда туған ағасының мәйітін жеті ай бойы үйінде сақтаған мұғалім жұмыстан шығарылғанын жазған едік.
Марқұмның денесі қаңтар айында өз үйінің қорасынан табылған еді. Көпшілік 82 жастағы қарияның мәйітін биология пәнінің мұғалімі әдейі сақтаған деп үрейленген болатын.
35 жыл тәжірибесі бар ұстаздың кінәсі дәлелденген жоқ. Соған қарамастан, тұрғындар оқытушыны білім ошағынан біржола аластатуды талап етті.