Әуежайда шетелдік азаматтан 11 кг гашиш майы тәркіленді

1 511

Фото: ©Polisia.kzҚазақстанда есірткі контрабандасына қарсы күрес аясында ірі көлемдегі заңсыз жүк анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілдерімен бірлесіп, Бангкок - Алматы бағыты бойынша келген рейсті тексерді. Нәтижесінде 20 жастағы шетел азаматы ұсталған. 

Жеке тексеру кезінде күдіктіден жалпы салмағы шамамен 11 килограмды құрайтын гашиш майы салынған 12 пластикалық ыдыс табылып, тәркіленген. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабы (контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап мүлкін тәркілей отырып, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері елімізде есірткі контрабандасының 57 дерегі анықталған. Құқық қорғау органдары трансұлттық есірткі трафигінің жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.