Өгей әкесі баланы үстелді жинамағаны үшін ұрған
Павлодар облысының полиция департаменті 5-сынып оқушысының соққыға жығылу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өгей әкесі күдікке ілініп отыр. Кәмелетке толмаған балаға қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Бастапқыда заңды өкіл өтініштен бас тартты. Сондай-ақ, өтініштен бас тартқан ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





