Бір отбасының сәбиі ғана аман қалған: көлік апатынан бес адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты бес адамның өмірін жалмады. Қаза тапқандардың төртеуі — бір үйдің адамдары. Жалғыз тірі қалған бір жарым жасар сәби қазір жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүтін бір отбасы опат болған жол апаты 9 қаңтар күні Жаңақала ауданында болған. Toyota Estima мен Hyundai Santa Fe көлігі бетпе-бет соғысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, салондағы адамдар сыртқа ұшып кеткен көрінеді. Ал жүргізуші рөлге жабысқан күйі қалыпты.
Апаттан екі темір тұлпардың жүргізушісі тіл тартпай кеткен. Сондай-ақ, Тойотадағы үш жолаушы — анасы мен екі қызы қайтыс болған. Отбасы көрші ауылдағы жаназаға бармақ болыпты. Періштесі қағып тірі қалған тек бір жарым жасар сәби ғана. Бірақ оның өзі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер барын салып өмірімен күресуде.
Hyundai-дың дөңгелегі жаздық екен. Ал Тойотаның рөлі оң жақта. Бұл да алдындағы көліктен озып кетемін дегенде қиындық туғызатыны белгілі.
Көлік апатына жолдың нашарлығы себеп болса не істеу керек - Мемлекет шығынын өтей ме?
Қазақстанда енді кішігірім көлік апаты кезінде полиция шақырмай сақтандыру алуға болады
Бұған дейін, мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов көлік апатын азайту үшін Қазақстанда “жабайы” такси қызметіне шектеу қоюды ұсынған.
“Ranking.kz мәліметінше, биыл 10 айда (2023 жылғы мәлімет бойынша) елімізде 11 мың 618 көлік апаты болды. Оның ішінде 1 942 адам – 1 386 ер, 556 әйел, 246 кәмелетке толмаған жасөспірім жол үстінде жан тапсырды, - деген Ерболат Саурықов.