RUB (+0.03) 7.96 KZT
USD (-1.36) 476.62 KZT
EUR (-3.40) 485.53 KZT
Қоғам
53

Санкция сығалай бастады: Қазақ кемесі Қара теңізде неге ұрлықы бидай тасып жүр?

Қазақстандық «Zhibek Zholy» кемесі Қара теңіздегі Украинаның Бердянск қаласынан Қарасу атты түрік портына бидай тасып жүргені мәлім болды. Оrda.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл кеме «Қазақстан темір жолдары» ұлттық компаниясының еншілес мекемесіне тиесілі.


Санкция сығалай бастады: Қазақ кемесі Қара теңізде неге ұрлықы бидай тасып жүр?

КZT EXPRESS SHIPPING-ке қарасты «Zhibek Zholy» кемесі жүк басып Новороссийск портынан 22 маусымда жол тартыпты. Кейбір дерек көздеріне қарағанда, кемеде 7 мың тонна ұрлықы астық бар көрінеді.


Zhibek Zholy 2016 жылы жасалған. Қазір Ресей туының астында жүзіп жүр. Санк-Петербор портына тіркеліпті.
KZT EXPRESS SHIPPING иесі ­– KTZ Express. Компанияның төрағасы – 2022 жылдан бері Асқар Қылышбеков.


Қылышбеков әр жылдары «Кедентранссервис» АҚ-да, жолаушылар тасымалы басқармасында, Солтүстік Қазақстан облысы автомобиль жолдарында, Ұлттық экономика министрлігінде және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің құрылымдарында басшылық қызмет атқанған. Президенттік жастардың кадр резервіне кірген 300 қазақстандықтың тізіміне кіреді.  

«Ақпарат алынды, бірақ мән-жайын анықтап жатырмыз. Егжей-тегжейі әзірге болмай тұр. Мен қазір түсініктеме бере алмаймын», – деп жауап беріпті Асқар Қылышбаев.


Қазақстандық кеменің Украина астығын тасымалдап жүргені анықталса, Қазақстанға қайтарма санкция салынуы бек мүмкін.