Әскерге шақырылған жастардың 85 пайызы жарамсыз
323
2021 жылы әскерге шақырылған 215 мың 105 адамның 85 пайызы отан алдындағы борышынан өтеуден босатылған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Осы шақырту алған 215 мыңнан астам адамның тек 35 мыңға жуығы қабылданған. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Бекболат Орынбеков әскердегі мәселелерді көтеріп, бірнеше ұсыныс айтты.
Сенатор жастардың мерзімді әскери қызмет өткеруге деген ынтасы жоқ екенін атап өтті.
2021 жылы 215 мың 105 адам мерзімді әскери қызметке шақырылуы тиіс болған. Бірақ қарулы күштерге және басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға 32 мың 064 адам ғана қабылданды,— дейді Бекболат Орынбеков.
Оның айтуынша, қалған 183 мың 041 адам немесе әскерге шақыруға жататын жастардың 85 пайызы түрлі себептер бойынша әскерге шақырудан кейінге қалдырылды немесе толығымен босатылды.
Сенатор өзінің депутаттық сауалында Үкіметке әскерге шақыру-есепке алу жұмысының сапасын жақсартуға және жастарды ынталандыру үшін бірқатар нақты ұсыныстар жіберді.
"Мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға оқуға қабылдау емтихандарын тапсыру кезінде қосымша балдар беруге, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде техникалық және инженерлік-құрылыс мамандықтары бойынша оқытуды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастыруға болады", — деді депутат.