Стоматологиядағы 3 жасар қыздың өлімі: Анестезиологқа үкім жарияланды
Бүгін Астанада анестезиолог Аида Жұмағалиеваға жалпы анестезиямен тісін емдеткен соң көз жұмған 3 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Судья сот үкімін жариялады.
Еске сала кетейік, прокурор анестезиологқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын және медициналық қызметпен айналысуға үш жылға тыйым салуды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жақында қабылданған рақымшылық туралы заңның сотталушыға қолданылуын да сұраған болатын.
Бұған дейін, айыпталушы анестезиолог өзін кінәлі деп санамайтынын және болған жағдайда қолынан келгеннің бәрін жасағанын мәлімдеген.







