Жас жігіт лифтіде тұрған 5 және 13 жастағы екі қызға тиіскен

1 162

Фото: istockphoto.comАқтауда 17 жастағы жасөспірім жыныс мүшесін көрсетіп, лифтіде 5 және 13 жастағы қыздарға шабуыл жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Балалардың анасы күдіктіні жауапқа тартуға тырысуда. Бұл іске қатысты Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.


«11 қазан күні түскі уақытта подъезге кірген. 13 жастағы қыз бала жігітті рюкзагының жарқырағанынан бірден байқап, оны бұрын көрмегенін, жаңадан келген көрші болар деп ойлайды. Ол қыздардан бұрын подъезге кіріп үлгерген. Арада 2-3 минут өткенде анасы телефонының камерасын қосып, жүгіріп шығады. Себебі қызы қоңырау шалып, біреу ренжіткенін айтып жылайды. Жас жігіт оларды кіреберісте күтіп алып, артынша лифт жабылмай жатып, жыныс мүшелерін ашып кіріп, қыздарға тиісе бастаған. 13 жастағы қыз бала сілейіп қатып қалып, мүлде қозғала да, айқайлай да алмай қалады. Бес жастағы сіңілісінің үрейленген көздерін көргенде ғана «жүгір, жүгір» деп айта алған. Содан кейін ғана олар далаға жүгіріп шыққан. Қыздардың анасы балаларын дереу учаскелік полиция қызметкеріне апарды. Камерада түсіп қалған видео оқиғаны дәлелдейді. 12 қазанда ол сол жерде болғанын мойындағанмен, мұндай әрекет жасамағанын айтты», - деп хабарлады.

Қыздардың ата-анасы полицияға арыз жазған, бірақ қазіргі уақытта іс бойынша ешнәрсе қабылданып жатқан жоқ. Мәліметтер бойынша, жәбірленушілердің анасы күдіктіні 16 қазанда өз ауласында көрген.

«Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сексуалдық сипаттағы әрекеттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», деп хабарлады ведомство.