СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕР ДАУЫ БАСЫЛАР ЕМЕС
3 083
Бүгін Қызылорда облыстық әкімдігіне 2 жылдан бері шешімін таппаған жер дауы бойынша Сырдария ауданы Шаған ауылының тұрғындары жиналды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мәселенің мәнісі «Шаған Жер» ЖШС –нің үлескерлердің иелігіндегі 3000 –нан астам г.а. жер телімінің бөліске салынуы болып отыр. Естеріңізге сала кетсек, Шағандық үлескер: "Бұндай бассыздық пен әділетсіздікті көрмегенмін" атты мақаламыз жарық көрген болатын. Аталмыш мақалада шаруа қожалығынан жер телімін сұраған наразы топтың пікірі болатын. Осы орайда қарапайым шаруалар ауыл тұрғыны атынан бірқатар мәселені көтеріп, жергілікті биліктен шара көруін талап еткен болатын.
Шаруалардың айтуынша, жұмысшылардың көктемдегі егістік жұмыстарын жасауына кедергі жасамау және де ауыл арасында іріткі салудың қажеті жоқ дейді.
Әкімдіктен араша түсіп, шара көруін сұраған дихандардың арасында ауыл мүддесін ойлап келген ақсақалдар да бар.
Айта кету керек, жергілікті БАҚ өкілдерін өңірлік әкімдік кездесу барысына кіргізбей облыс әкімдігінің орынбасары Бақыт Жахановтың қабылдауында болған шаруалар алдағы уақытта тиісті шара көрілетіндігін атап өтті.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Жұмысымызға әдейі кереғар әрекет жасап отыр. Алдағы уақытта егістік кезінде заңсыз әрекет жасамасын. Бізге ауылдың тыныштығы керек. Жалпы жиналыс сот тәртібінде қаралып жатыр. Жалпы жиналыс барысында 2110 адам қатысып, халықтың шешімі арқылы бөлініп берілген жер. Ол жерді мен шешпеймін кімге қай жерді беру керектігін»,- деді «Шаған жер» ЖШС директоры Жеңісбек Сыздықов.
Әкімдіктен араша түсіп, шара көруін сұраған дихандардың арасында ауыл мүддесін ойлап келген ақсақалдар да бар.
«Қаншама сот отырысы болды, қанша шығын шықты. Қара шаруаның қолын байлап, бір іріткі салушының салдарынан мыңнан астам үлескердің еңбегін қаралап отыр. Халыққа топырақ шашып отырғандығы дұрыс әрекет емес.» ,- деді ақсақал Рамазан Аханұлы.