Шағандық үлескер: "Бұндай бассыздық пен әділетсіздікті көрмегенмін"

1 288
Сырдария ауданы Шаған ауылының  910 үлескері үкімет тарапынан берілген жалдамалы жерге 2 жыл бойы қол жеткізе алмай келе жатыр, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Шаған ауылының бір топ атқа мінер азаматтары Сырдария ауданының әкімдігінің алдына «Шаған шаруашылығының» төрағасы  Сыздықов Жеңісбектің жасаған әрекеттеріне наразылықтарын айтып, жиналған болатын.

Шаруашылықтан өз үлесін алып, егістік бастаймын деген 910 үлескердің талабы орындалмай отыр. Алайда, облыс әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы  на араша сұрап барған үлескерлерге 360 гектар егістікке жарамсыз жер телімін беріп отырғандығын алға тартты. 

 
«Бұл уақытта бидайға жерді тыңдайту жұмыстары жүргізілу керек өзімізге тиесілі үкіметтің жалға берген жерін 2 жыл бойы қол жеткізе алмай келе жатырмыз. Аудан әкімі сөйлесеміз дегеннен әрі аса алмай отыр. Егін егем дегенше тиесілі жерімізді қайтаруды сұраймыз. 2 жыл бойы жұмыссызбыз.» ,деді Жәдігер Ұзақбаев. 



Үлескерлердің айтуынша, егістік басына кіре алмаймыз, өз жерімізге өзіміз ие бола алмай қалған. Еңбек инспекциясында хабарласқанымызда шара көре алмаймыз деп жылы жауып қойып отырғандығына наразылық білдіріп отыр. 

«40 жылға жуық жұмыс өтілім бар. Менің зейнетке шығуыма  2 ай   уақыт қалғанында жер сұрадың деп қудалап,  жұмыстан босатып, үстемақы беруден бас тартып отыр. Бұндай бассыздық пен әділетсіздікті көрмегенмін. Шаруа төрағасы Сыздықов Жеңісбек тиесілі еңбегімнің жемісін бермей отыр. Әкімдік мемлекеттік мекеме емес шара көре алмаймыз дегеннен басқа айтары жоқ. Тиісті сала мамандары, арнайы топ құрып шара көріңіздер», - деді Досбаев Нұғман.

]


Ал, ашулы үлескерлер талап орындалмаса шарасыздықтан егінге көліктерді шығармаймыз жұмысына кедергі жасаймыз деп түбегейлі шешім қабылдауда.

«200 үлескерлердің жері бөлініп берген болатын. Сотқа жүгінген үлескердің жерді пара-пар бөлінуін талап етуде. Біздің әкімдіктің мемлекеттік емес ұйымдарға араласа алмаймыз. Шаруашылықтарға барынша, тәуекелге бармайтын су тапшылығы болмайтын жерге орналасуын сұрап отырмыз. Ал «Шаған шаруашылығының» төрағасы денсаулығына байланысты демалыста, алдағы уақытта бас қосып жиналыс ұйымдастырылады»- деді Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Нұртазаев Талғат Мейрамханұлы.

Әкімдіктің алдына жиылған үлескерлер бірауыздан сотқа жүгініп, мәселемізді оңтайлы шешіп береді деп сенім артуда.  Ендігі жерде 910 үлескердің талабына сот шешімі ғана нүктесін қояды дейді тұрғындар.