Әскери қызметке қабылдау жүргізілуде
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті азаматтарды келісім-шарт негізінде әскери қызметке қабылдау жүргізуді бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, ҰҚК Шекара академиясына, одан бөлек шет елдердің әскери оқу орындарына қабылданатын үміткерлерді де іріктейді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына сала мамандары келіп керек мағлұматтарымен бөлісті.
Әскери қызметке қабылдау жүргізілуде.
Әскери қызмет— мемлекеттің Қарулы Күштері жүйесінде атқарылатын қызмет, бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да әскери қызмет азаматтардың өз елінің , отанының алдындағы қасиетті парызы саналады. Жалдамалы және шарт жасау арқылы белгіленетін әскери қызмет түрлері де болады. Онда әскери қызмет мерзімі, өтелетін орны, міндеті тағы басқа жағдайлары шартта көрсетіліп, белгіленген тәртіппен екіжақты расталады. Қазақстанда әскери қызметті өтеу тәртібі ҚР Конституциясында, “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” заңда (1993 жылы 19 қаңтар) және осы заңға Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ендірілген заңдық күші бар қосымша өзгертулер мен толықтыруларда (1995 жылы 19 мамыр мен 14 қараша) тағы басқа құқықтық құжаттарда тұжырымдалған. Әскери қызмет қатарындағы әскери қызмет және запастағы әскери қызмет түрінен тұрады. Қатардағы әскери қызметтегі адам әскери қызметші аталады. Оған солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, мичмандар, түрлі дәрежелі (кіші, аға, жоғары) офицерлер құрамы жатады. Қызмет дәрежесіне және әскери атағына орай бір әскери қызметші екіншісіне бастық немесе бағынышты болады. Барлық әскери қызметшілер мен қызметкерлер заңда және әскери жарғыда белгіленген тәртіп пен ережені бұлжытпай дәл сақтауға, ал командирлер мен бастықтар әскери бөлімдерде әрдайым қатаң әскери тәртіп болуын қадағалауға тиіс, өйткені ол әскердің жауынгерлік қабілеті мен дайындығының жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ететін негізгі шарттың бірі. Әрбір әскери адам әскери ант қабылдайды және әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауап береді.
Әскери қызмет (Военная служба) — азаматтардың қарулы күштер қатарында өз еркімен мемлекеттің жүктеген міндеттерін атқаруы немесе өз еркімен мерзімнен тыс қызмет етуі. 1995 ж. кабылданған "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік" туралы заңды негізге ала отырып, Қазақстанның барлық ер азаматтары нәсілі мен ұлтына, діни сеніміне, біліміне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан, қарулы күштер қатарында міндетті әскери қызметті атқаруға тиісті. Міндетті әскери қызметке 18 жасқа толған азаматтар шақырылады. Шақыру жұмысы жылына екі рет, мамыр-маусымда және қазан-желтоксанда жүргізіледі. Әскери қызметшілерді запасқа босату жұмысы да нақ осы мерзімде жылына екі рет өткізіледі. Әскерге шақырылған азаматтардын қызмет ету мерзімі сарбаздар, сержанттар және әуе қорғаныс күштері мен мемлекеттік шеқараны корғау әскерлері үшін — 2 жыл. Жоғарғы білімі бар азаматтар үшін — 1 жыл, Әскери-теңіз флотының матростары, сержанттары мен старшиналарының қызмет ету мерзімі 2,5 жыл. Жоғары оқу орындарын бітірген запастағы офицерлер 2 жылға әскери қызмет етуге шақырылуы мүмкін. Медициналық немесе басқа арнаулы даярлығы бар 19-35 жастағы қыз-келіншектер бейбіт уақытта әскери есепке алынып, жапығу жиындарына қатысады. Сонымен қатар, 19 жастан 35 жасқа дейінгілері ерікті түрде міндетті әскери қызметті атқару үшін қарулы күштер қатарына шақырылуы мүмкін. Қарулы күштер офицерлерінің міндетті әскери қызметте болуының шекті жасы кіші лейтенанттан бастап капитандар үшін — 40 жас. Майор, подполковник және солармен теңесетіңдер үшін міндетті әскери қызметте болудың шекті жасы — 45, ал полковниктер үшін — 50 жасқа дейін. Генерал-майор мен генерал-лейтенанттар және соларға теңесетіндер үшін — 55 жас, генерал-полковник пен армия генералдары үшін 60 жас.
Әскери қызметкерлердің айырым белгілері – әскер мен қызмет түрін, әскери атақ пен лауазымдарды танытатын формалы киім-кешек белгілері. Қазақстан Қарулы күштерінің негізгі айырым белгілеріне
погон,
петлица,
жұлдызша,
эмблема,
жапсырма,
әдіптеулер т.б. жатады.
Иыққа тағатын погондар күнделікті (жорықтық) және парадтық болып бөлінеді. Күнделікті погондар маршалдар мен генералдарда қос иректі байқалмайтын түсті (адмиралдарда қара түсті) жібекпен тысталып, жиегі көмкеріледі. Офицерлерде тілше жолақ (кіші офицерлерде-1, аға офицерлерде-2) байқалмайтын түсті жібекпен тысталып, жиегі көмкерілмейді. Маршал, адмирал, генерал, офицер киіміне тағатын парадтық погондар оқаланып, жиегі көмкеріледі. Прапорщиктер мен мичмандардың погондарына тілше жолақ бойымен екі жұлдызша қадалады. Солдат, сержанттаррдың погондары әскер мен қызмет түрлеріне қарай түсті (мотоатқыштар әскері-қызыл, артиллерия, танк, техника әскерлері-қара, авиация, әуе-десант әскерлері-көгілдір) мауытымен тысталады. Погондарға қадайтын жұлдызшаның саны мен көлемі әскери атақты білдіреді.