60 жастағы еркек 7 жастағы ұлды зорлап, тік ішегін жыртып жіберген

1 691

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қошмамбет ауылында 60 жастағы еркек 7 жастағы ұлды зорлап, тік ішегін жыртып жіберген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазір бала ауруханада жатыр. Ата-аналардың айтуынша, бұған дейін де зорлық-зомбылық әрекеті болған, бірақ жергілікті тәртіп сақшылары ешқандай шара қолданбаған.

Полицияның хабарлауынша, 60 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 121 бабының 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары бойынша полиция қызметкерлері 1963 жылғы М. есімді күдікті азаматты анықтап, қолға түсірді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық тергеуде оның толықтылығын, жан-жақтылығын және обьективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жасалуда. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201 бабы шеңберінде жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.