43 сотталған квотамен жұмысқа тұрды
Қызылордада пробация есебіндегі 43 сотталған квотамен «Қызылорда Тазалығы» мекемесіне жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда қалалық пробация қызметінде 600-ден астам сотталған есепте тұрады. Пробациялық бақылау белгіленген жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Атап айтар болсақ, жыл басынан бері есепте тұрған жұмыссыз 43 сотталған квотамен жұмысқа тұрғызылған.
Қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Руслан Алимовтың айтуынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарына 43 квота белгіленген. Қосымша тағы 5 квота бөлініп, қазіргі таңда 2 сотталған «Қызылорда Тазалығы» мекемесіне жұмысқа тұрғызылды. Сондай –ақ сотталғандар арасында өз кәсібін ашуға ниетті азаматтар да бар. Пробация есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер белсенді көрсетіліп келеді. Сотталғандардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұруға ниетті. Есептегі 10 адам «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын оқып жатыр. Сертификат алған соң, бизнес –жоспарын жасап, мемлекет тарапынан қайтарымсыз кредит алуға мүмкіндіктері бар. Сондай –ақ сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында профилактикалық шаралар өткіземіз. Профилактикалық шараларды өткізу барысында сот жүктеген міндеттерді орындамаған, жаза өтеуден жалтарған жеті сотталған сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын айыруға ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберілді. Жалпы, жазаның өтеу тәртібін бұзу- бас бостандығынан айыруға апаратын бұл жағдай есепте тұрған басқа да сотталған азаматтарға сабақ болады деп үміттенеміз.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД