Қант тапшылығын дүрліккен тұрғындардың өздері туындатты – Шымкент әкімдігі

253

Шымкентте қант тапшылығына тұрғындардың өздері кінәлі. Қалада құмшекер жеткілікті екенін жеткізген әкімдік сатып алушылардың дүрлігуі салдарынан дүкен сөрелерінен қант табу қиындады дейді. Ulysmedia.kz тілшісі шаһар басшылығымен тілдесіп, қант тапшылығына әлеуметтік бағалардың да ықпалы бар екенін білді.



Әкімдіктегілердің сөзінше, салыстырмалы түрде арзан қант қат, өйткені тұрғындар дүкен сөрелерінен 445 теңгелік шекерді сыпырып әкетеді.

Десе де, әкімдік "Магнумдағы" сауда-саттықты мұқият қадағалап отыр, сауда желісімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі келісімге қол қойылған. Түсінгеніміз, Magnum Cash & Carry – жергілікті биліктің соңғы үміті.
Келісімшарт талаптары бойынша сауда желісіндегі құмшекердің бөлшек сауда бағасы 440 теңгеден аспайды. Бірақ өнімді сатып алу оңай емес, өйткені алыпсатарлық әрекеттер де кедергі келтіріп отыр. Арзанырақ сатып алып, қымбат сату әрекеттерін тоқтату үшін Magnum Cash&Carry тіпті бір адамға қант сату көлеміне шектеулер енгізуге және ереженің бұзылмағанын қадағалап отыруға мәжбүр.

"Тұрғындардан негізсіз дүрлікпеуді сұраймыз",  – дейді әкімдіктегілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.