"Самұрық-Қазына" кызметкерлерінің 50 пайызын қысқартты

260

Мемлекет басшысының сынынан кейін "Самұрық-Қазына" қоры қызметкерлерінің жартысын қысқартып, жаңа ұйымдық құрылымын бекітті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін аталған қорда 248 адам жұмыс істесе, енді олардың саны 124 қызметкер болып азайды.

Жаңа ұйымдық құрылымға сәйкес, басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге (33%) қысқартылды. "Кеңесші" деген қызмет мүлдем алынып тасталды. Осыған қоса қордың шетелдегі өкілдіктері жабылады.

Сондай-ақ бизнес жолындағы кедергілерді жоюға бағытталған тікелей сатып алудың жаңа тәртібі бекітіледі. Бір көзден сатып алуға негіз болатын факторлар қысқартылды.

"24 қаңтардан бастап "Самұрық-Қазына Инвест" бас директоры Аслан Сұлтановтың, Samruk-Kazyna Construction басқарма төрағасы Болат Сандықбаевтың, "Самұрық-Қазына Контракт" бас директоры Алмас Ақыловтың, "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" бас директоры Серікбек Елшібековтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды", — делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.