25 қазан - Республика күні қарсаңында аудан әкімі Ардақ Ибраимов мемлекеттік қызметшілерді қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметшінің өзіндік орны мен мәртебесі қалыптасқан. Расында мемлекеттік қызметші мемлекеттің ар-ожданы, қоғамның айнасы. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкер мемлекеттік биліктің оң имиджін қалыптастырушы бірден-бір тұлға болып табылады. Қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсететін, олардың мәртебесі мен абыройын асқақтататын - мемлекеттік қызметшілер. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілер әрдайым парасат биігінде болуы қажет. Себебі халықтың билікке деген сенімі Сіздерден бастау алады. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің еңбегі Отанға, халқына адал қызмет етуімен бағаланады»,- деді Ардақ Ибраимов.
Қабылдауда лауазымдық міндеттерін үлгілі орындаумен қоса, спорттық, мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер марапатталды.
Сондай-ақ, аудан әкімі Ардақ Ибраимов үлгілі мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының алғысын жеткізді.
Бүгінгі күні ауданымызда барлығы 127 мемлекеттік қызметші бар.