Автобус күтіп тұрған әйелдің үстіне жарнама тақтасы құлаған

1 563

Фото: видеодан кадрАқтөбеде 17 сәуір күні кешке адамдар тұрған аялдаманың үстіне жарнама тақтасы құлады. Салдарынан үш әйел жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға "Алтын орам" ТК ауданындағы А.Молдағұлова даңғылында болған. Жарнама тақтасын орнату жұмыстары кезінде әйнек қақпақ құлап, автобус күтіп тұрған үш әйелдің үстіне түскен.


"Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету дерегі бойынша соталды тергеу басталды", - деді Ақтөбе облысының полиция департаменті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.