Нұр-Сұлтанда мотоцикл айдаған 17 жастағы жігіт қайтыс болды

419
Нұр-Сұлтанда 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі көше шамына соқтығысып қайтыс болды.

Қайғылы оқиға 7 сәуір күні сағат 21:20-да болған. 17 жастағы жігіт Racer маркалы мотоциклді тізгіндеген. Ол Қорғалжын тас жолымен Байғанин көшесіне қарай жүрген. Бір сәтте бозбала рөлге ие бола алмай, көшедегі жарықтың тіреуішіне соқтығысқан. 

Салдарынан 17 жастағы жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.
 
Елорданың полиция департаменті мототранспорттың қауіпті екенін еске салды. Полицияның дерегінше, мототехниканың қатысуымен болған жол апатының басым көпшілігі осы транспорттың жүргізушісінің кесірінен болады. Мотоциклдер мен мопед жүргізушілері жол-қозғалысы ережелерін елемейтіні атап өтілді. 

Тәртіп сақшылары желікпелік, тәжірибесіздік пен қамсыздық ауыр жарақаттар мен адам өліміне жиі себеп болатынын ескертті. 

Шымкентте 11 сәуір күні бес жасар қыз баланы автобус қағып кеткен еді. 

Куәгерлердің сөзінше, кішкентай қыз жолдың қақ ортасында жан-жағына жалтақтап тұрған екен. Жүргізуші қыз баланы мүлдем байқамаған. Қоғамдық көлік тізгініндегі азамат тек сырттағы халық шулап, айқайлаған соң ғана
тоқтаған көрінеді.

Жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.