Транссексуал мен ер адам интимдік қызмет көрсетумен айналысқан

1 615

Атырауда интимдік қызмет көрсетушілер арасында транссексуал және ер адам анықталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін саунаны анықтаған. Саунада еліміздің түрлі өңірлерінің – Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарының 8 тұрғынына "қызмет" көрсетілген.


"Әкімшіге қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген мәліметте.

Сонымен қатар "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында интимдік қызмет көрсеткен Тәжікстан Республикасының 26 жастағы транссексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интимдік қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болғаны айтылды.

“Қазақстанға қараша айында келген шетелдік азаматқа қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар көші-қон басқармасына тапсырылды. Барлық анықталған тұлға жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді”, – дейді полиция.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.