Алматы облысында өз шәкіртін зорлаған жаттықтырушы 7 жыл 6 айға сотталды

282

Фото: pixabay.comАлматы облысында таэквондо тренері өзі жаттықтырып жүрген шәкіртін зорлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Алматы облыстық сотына сілтеме жасап.

Кінәсі дәлелденіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған жаттықтырушы 1988 жылы туған азамат екен.


«Алматы облысы мамандандырылған кәмелет жасына  толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды. Тренер ҚР ҚК 212 бабы 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойына жасөспірімдермен жұмыс істеуге тыйым салынды», - делінген хабарламада.


Сот үкімі әлі өз күшіне енген жоқ. Сот жабық өткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.