БҚО-да ресейліктер мешіттерде түнеуде – Жалған ақпарат
99
Батыс Қазақстан облысына ресейліктердің келу ағыны жалғасуда. Осыған орай желіде ресейліктер мешіттерде орналасып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Деректерге сай бұл мәліметтер расталмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Облыс Ресей Федерациясының бес облысымен шектеседі. 6 шекара бекеті бар. Соңғы күндері жолаушылар ағыны кем дегенде үш есеге өскен. Келушілердің дені әскер жасындағы ер адамдар. Көбі шекарадан жаяу өткен. Постта оларды еріктілер күтіп алып, арнайы автобуспен қалаға жеткізуде.
Жергілікті тұрғындар келушілерге баспана алуға және туған жеріне хабарласуға көмектесуде. Тұрғындар ресейліктерге көмектесу үшін барлық қажетті ақпаратты біле алатын Telegram арнасын ашқан. Бұл ретте әлеуметтік желілерде көптеген жалған ақпараттар таралып жатыр. Солардың бірі мигранттарды уақытша орналастыру үшін ковид ауруханалары мен мешіттерді беру туралы деректер расталмады.
“Мешіттерде ҚМДБ-ның ережесі бойынша ешкімге түнеуге болмайды. Біздің мешіттер тек намаз және дәріс оқуға ашық. Түнгі 12-ге дейін барлық нысандарды өзім аралаймын. Мешітке түнеп жатқан келушілер де, жергілікті тұрғындар да болған жоқ”,- деді БҚО-ның бас имамы Бақытжан Сабыралиев.