Зинеткерді жылатып айыппұл салған полицейлер желі қолданушыларының ашуын туғызды

1 533

©️Видеодан скринАлматыда зейнеткерге дөрекелік танытып, айыппұл салған полиция қызметкерлерінің әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарт агенттігі Stan.kz ақпараттық сайтынан сілтеме жасап. 

Желіде тараған видеода зейнеткердің әкімшілік құқық бұзушылық үшін тұтқындалғаны айтылған. Видео авторының айтуынша, зейнеткер бір жарым келі ашытылған қырыққабат сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Зейнеткер қаржылық қиындықтарға байланысты сауда жасауға мәжбүр болғанын, үй жануарларын тамақтандыру үшін ақша табуға тырысқанын айтқан. Қарияның зейнетақысы небәрі 75 000 теңге екен. 


Учаскелік инспектор әйелді полиция бөлімшесіне жеткізіп, оған қайталанған құқық бұзушылық үшін деп 21 000 теңге көлемінде айыппұл салған. Алайда әйелдің жанында сауда жасап тұрған басқа адамдарға ешқандай шара қолданылмаған, – делінген видеоның жазбасында.

Полиция қызметкерінің көлік рөлінде телефонмен сөйлескенін, қауіпсіздік белдігін тақпағанын және әйелге дөрекі, орынсыз сөздер айтқан. Желіде тараған ақпаратқа қатысты Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасаған.


Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі, нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады,- делінген полиция хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.