Шенеуніктер жаңа жылдық безендіруге 41 млн теңге жұмсамақ

218
Шымкенттік атқа мінерлер бюджеттен жаңа жылға 41 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Мегаполисте екі негізгі алаң безендіріледі. Көшелер мен алаңдарда, теміржол вокзалы мен әуежайда жаңажылдық шамдар жарқырайды.

Бұл ретте ең көп сома қаланың Қаратау ауданы үшін безендіру бұйымдарын сатып алуға жұмсалады деп жоспарланған. Өткен жылы қаладағы ең үлкен шырша сол ауданда орнатылған. Бірақ қаңтардағы оқиғалар кезінде ол өртеніп, сонымен қатар шағын сәулет формалары бұзылды.


Өртенген шыршаны қалпына келтіру мүмкін емес. Біз жа4а шырша сатып аламыз, оның ұзындығы 18 метр, құны шамамен 4,5 миллион теңге. Сондай-ақ, бөлінетін қаражатқа біз қала әкімшілігінің алдындағы алаңды безендіретін 16 шағын сәулет формасын аламыз. Бәйдібек би даңғылы мен скверлерді безендіреміз, – дейді Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Құдайберген Клдықараев.

Қостанай қаласында шырша орнатып, мұз қалашық салуға 40 млн теңге бөлінсе, ал Көкшетау әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне орай қаланы безендіруге 44 млн теңге жұмсамақ.