Қостанайлық тұрғын зейнеткерді 15 рет пышақтап өлтірген

163
Қостанайда 45 жастағы әйел зейнеткерді пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ол қарияның алтын әшекейлеріне қызыққан. Жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот отырысы басталды. Айыптау актісіне сәйкес күдікті әйел зейнеткерді аңдып үйіне дейін барған. Көпқабатты үйдің кіреберісінде қарияға тап беріп, кеудесіне және мойнына бірнеше рет пышақ сұққан. Қария кісі қолынан қаза тапты. Ал күдікті марқұмның алтындарын олжалап, оқиға орнынан із жасырған көрінеді.

Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің бөлім басшысы Зәуре Едикова: «Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағы бойынша айыпталып отырған азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Келесі сот отырысы 26 желтоқсанға белгіленді»,  деді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.