Қостанайлық тұрғын зейнеткерді 15 рет пышақтап өлтірген

163

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қостанайда 45 жастағы әйел зейнеткерді пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ол қарияның алтын әшекейлеріне қызыққан. Жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот отырысы басталды. Айыптау актісіне сәйкес күдікті әйел зейнеткерді аңдып үйіне дейін барған. Көпқабатты үйдің кіреберісінде қарияға тап беріп, кеудесіне және мойнына бірнеше рет пышақ сұққан. Қария кісі қолынан қаза тапты. Ал күдікті марқұмның алтындарын олжалап, оқиға орнынан із жасырған көрінеді.

Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің бөлім басшысы Зәуре Едикова: «Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағы бойынша айыпталып отырған азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Келесі сот отырысы 26 желтоқсанға белгіленді», – деді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.