Қызылордада әлеуметтік дүкенге арналған азық-түлік қоқыста жатыр

207

Тәуекел Күзембаев өзінің ютуб каналында арнайы видео жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі. 


Бейнежазбадағы сасыған картоп, пияз, қырыққабаттар Ыбырайхан ЛТД қоқыс алаңынан табылған. 


Тиыннан теңге құрап жүрген қара халық күнделікті азығын несиеге алатыны да жасырын емес. Осы орайда қала тұрғындарын қолдау есебінде әлеуметтік дүкендер ашылғаны белгілі. Базар бағасынан төмен саудаланатын өнімдер тізімінде картоп, пияз, қырыққабаттар бар.


"Мынау әлеуметтік дүкенге арналған азық-түлік деп ойлаймын. Жуа, картоп, капуста, мінекей қанша машина. Қызылорда өңірінің халқы каспи ред-пен тамақтанып жүр. Ал мына картоптар, пәленбай қап жуа қоқысқа әкеліп төгілді. Осыны халқымызға қимай, көпбалалы аналарға, мұқтаж кісілерге, мүгедектерге, жетім-жесірлерге бермей қоқысқа әкеліп тастадыңыздар. Міне, Нәлібаев, Шәменов сіздерді қызметтеріңізден алып тастау керек. Бұны ресми түрде жариялап тұрмын", - деп айтты бейнежазба авторы. 



Ал желі қолданушылары жариялымға пікірлерін аямауда;


"Масқара мынау", "Мұқтаждарға берілуге бөлінген азық түлік шығар,уақытында беруге қимай жүргенде,срогын өткізіп алған шығар", "Тығып таныс-тамырларына, жақын-жуықтарына керек болып қалар, таныс біреу-міреулерге береміз деп тығып отырған ғой. Көрмегеннің көргені құрысын деп осындайда айтылған болар, көргенсіздер, оңбаған, жемқор арамтамақтар өңкей.. Астың обалы сол екі әкімге болсын. Картоп капуста дегендер сені күтеме, іріп, шіріп кетеді ғой. Тұрып қалса сапасын жояды. Үйде екі-үш түйір картоп бұзылып кетсе ішің удай ашымайма обалы бар ғой деп, ойсыздар өңкей." - деп жұртшылық жарыса жазуда.