Астана атауын қайтару: Конституциялық Кеңес Президент өтініші бойынша шешім қабылдады

178

Фото: Посольство Казахстана в Москве, при поддержке Астана ЭКСПО-2017Конституциялық Кеңес Республика Президентінің өтініші бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Конституциялық Кеңес Республика Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сәйкестігін тексеру туралы өтініші бойынша шешім қабылдады», – деп жазылған Конституциялық Кеңес хабарамасында.


Заң жобасы Конституцияда Республика Президентінің бір мәрте жеті жылдық өкілеттік мерзімін белгілеуді, сондай-ақ ел астанасының атауын өзгертуге байланысты Негізгі Заңның 2-бабына түзетулер енгізуді көздейді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Қ.Ә.Мәми, Кеңес мүшелері А.Қ.Дауылбаев, В.А. Малиновский, Р.Ж. Мұқашев, Ә.А.Темірбеков және У. Шапактың қатысуымен өткен ашық отырысында мынадай шешім қабылдады:

  1. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, соның ішінде Негізгі Заңның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға, сәйкес деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытындысы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
  3. Осы қорытынды республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.