Қайрат Боранбаев 6 жылға сотталды

1 641

Қайрат Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Астанада Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзаққа қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Олар ресейлік газ импорты кезінде ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.


Сот үкімімен Боранбаев пен Наханов мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Тайыр Жанұзақ бес жылға сотталды. Үшеуі де мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.


Бұған дейін Боранбаев кінәсін мойындап, 14,5 млрд теңге шығынды өтеген болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.