Сүйіктісін екі баласымен бірге өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

1 352

Фото: istockphoto.comАтырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 3 адамды қатігездікпен өлтіріп, үйін өртеген адамға сот шешімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ер адам жәбірленушімен кездесіп жүрген. Кейін араларында туындаған келіспеушілік салдарынан жәбірленуші қарым-қатынасты тоқтатқан. Алайда сотталушы жәбірленушінің мазасын алып, оның пәтеріне кіріп, егер ол кездесуін жалғастырмаса бензин шашып өртейтінін айтып қорқытқан. 

Өз өмірі үшін қауіптенген жәбірленуші сотталушыға бірінші некедегі балаларының ұйықтап жатқанын, өзінің донер жегісі келіп тұрғанын айтып, алдап, сотталушыны пәтерден шығарып жіберген. Кейін танысын көмекке шақырған. Сотталушы жәбірленушінің танысымен бірге пәтерге кіріп кеткендерін көріп, ашуланып, қызғаныштан 5 литрлік бензинді жәбірленушінің балалары жатқан бөлмеге шашып, өртеп кеткен. 

Салдарынан жәбірленушінің 10 жасар ұл баласы және 7 жасар қыз баласы пәтерде қаза болды. Ал жәбірленуші ауруханада көз жұмды.

«Сотталушы ҚК-тің 149-бабының 2-бөлігімен, 202-бабының 2-бөлігінің 1,5-тармақтарымен, 99-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 5,6-тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 5,6-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», делінген хабарламада. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.