Сүйіктісін екі баласымен бірге өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 3 адамды қатігездікпен өлтіріп, үйін өртеген адамға сот шешімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ер адам жәбірленушімен кездесіп жүрген. Кейін араларында туындаған келіспеушілік салдарынан жәбірленуші қарым-қатынасты тоқтатқан. Алайда сотталушы жәбірленушінің мазасын алып, оның пәтеріне кіріп, егер ол кездесуін жалғастырмаса бензин шашып өртейтінін айтып қорқытқан.
Өз өмірі үшін қауіптенген жәбірленуші сотталушыға бірінші некедегі балаларының ұйықтап жатқанын, өзінің донер жегісі келіп тұрғанын айтып, алдап, сотталушыны пәтерден шығарып жіберген. Кейін танысын көмекке шақырған. Сотталушы жәбірленушінің танысымен бірге пәтерге кіріп кеткендерін көріп, ашуланып, қызғаныштан 5 литрлік бензинді жәбірленушінің балалары жатқан бөлмеге шашып, өртеп кеткен.
Салдарынан жәбірленушінің 10 жасар ұл баласы және 7 жасар қыз баласы пәтерде қаза болды. Ал жәбірленуші ауруханада көз жұмды.
Қаз
Рус






