Бір отбасының үш адамы иіс тиіп уланды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында 32 жастағы әйел, оның 13-тегі және бір жасар нәрестесі иіс тиіп ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 ақпан күні сағат 21:00 шамасында Кішкенекөл ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен аудандық ауруханаға көмірқышқыл газына уланған отбасы жеткізілді.
Тиісті ем-дом көрсетілгеннен кейін әйел мен оның екі баласы үйіне қайтарылды.
Қаз
Рус






